Қазақстан азаматтары Ресей аумағынан тексерусіз өтеді

557

Қазақстан азаматтары Ресей аумағынан тексерусіз өтеді

РФ мемлекеттік думасы Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Өзгеріс Қазақстанның шекаралық аймағындағы тұрғындардың транзитпен РФ аумағында шекаралық бақылаудан тексерусіз өтуіне мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Интерфакс.

Хаттама 1996 жылдың 18 қарашасында РФ үкіметі мен Қазақстан Республикасы үкіметі арасында жасалған темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының  қызметін құқықтық бақылаудағы ерекшеліктер туралы келісімді өзгертпек.

Аталған хаттамаға 2016 жылдың 4 желтоқсаны күні Астанада өткен Өңіраралық және шекарааралық ынтымақтастық форумы барысында қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес, екі тарап өз шекарасы арқылы жолаушылар мен жүк пойыздарын шекаралық  тексерусіз өткізуге келісім жасаған. Бұл ереже басқа елдің аумағында аялдау жоспарланбаған бағыттағы пойыздарға ғана қатысты.

Құжат бойынша шекараға жақын маңдағы аудандарда жолаушыларды тасымалдау ережесі жасалуы қажет. Сонымен қатар жергілікті билік жолаушыларды тасымалдайтын тасымалдаушыны анықтайтын конкурс өткізу ережесін жасап, шығындарды өтеуге шекаралас субъектілердің бюджетінен субсидия алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу