Қазақстан азаматтары Украинаға гуманитарлық көмек жинап жатыр

1737

Бүгінде 45 млн теңге көлемінде ақша жиналған.  

Қазақстан азаматтары Украинаға гуманитарлық көмек жинап жатыр

Ел тұрғындары Украина халқына гуманитарлық көмек жинауда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Гуманитарлық көмекті "Ел болашағы" азаматтық бастамасының басшысы Тоғжан Қожалиева ұйымдастырған.

"Біз жақында ғана қасіретті қаңтар күндерін бастан өткерген көпұлтты Қазақстанның біртұтас халқымыз. Кремльдің Украинаға жасап жатқан әскери агрессиясына аса алаңдап отырмыз. Ғасырлар бойы татулығына сызат түспеген бауырлас екі елдің соғысын көру біз үшін ауыр. Украина тәуелсіз мемлекет!... Соғыс кезінде мыңдаған адам өз үйлерін тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Кез келген соғыс – ауыр гуманитарлық дағдарыс. Қазір Украина халқы үшін киім-кешек, дәрі-дәрмек, азық-түлік тапшы", деп жазылған азаматтық бастама баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осыған байланысты Тоғжан Қожалиева бастаған бірқатар қоғамдық белсенді мен еріктінің ұйытқы болуымен Қазақстан халқы Украинадағы соғыстан зардап шеккен азаматтарға дәрі-дәрмек пен азық-түлік жөнелтіп жатыр. Олардың арасында жастар мен зейнеткерлер, түрлі ұлт өкілдері де бар.

"26 ақпанда көтерілген бастамаға еліміздің барлық өңірінен ақшалай, заттай көмектерін аударды. Бүгінде қазақстандықтардан 45 млн теңгеден артық қаражат жинады. Қоғамдық қор жиналған қаражатқа бекітілген тізімдегі дәрі-дәрмек сатып алып, Украинаның Қазақстандағы елшілігі арқылы жөнелтеді", деп жазылған хабарламада.

Гуманитарлық көмекті (медициналық препараттарды) қабылдау пункттері:

1. Нұр-Сұлтанда: Украина елшілігі, Жылыой көшесі, 12. Байланыс телефоны: +7 707 299 93 57.

2. Алматыда: Фонвизин көшесі, 10, 307 кабинет. Байланыс телефоны:  +7 771 377 77 73.

Қажет дәрі-дәрмектердің тізімін Украина елшілігінен алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу