Қазақстан азаматтары визасыз сапарлай алатын елдер тізімі тағы төрт мемлекетпен толықты

1479

Қазақстан азаматтары визасыз сапарлай алатын елдер тізімі тағы төрт мемлекетпен толықты

2017 жылы Қазақстан азаматтары  визасыз 71 мемлекетке барып келе алады деп хабарлайды Henley & Partners-ке сілтеме жасап LS.

Еске салсақ, бір жыл бұрын Қазақстан үшін мұндай мемлекеттер саны 67 болатын.

Визасыз баруға болатын мемлекеттер санының артуы есебінен Қазақстан Визалық шектеулер индексінде тағы төрт тармаққа ілгері жылжып отыр. Қазір еліміз Нимибия және Тайландпен бірге 67 орынды бөлісіп отыр.

Бұл реттеу айта кетсек, Ресей индексте 51-орынды місе тұтқан (106 ел). Әзербайжан 74-орынды иеленсе (67 ел), Өзбекстан 83 орында (53 ел).

Германия төртінші жыл қатарынан көш бастап тұр. 2017 жылы бұл елдің азаматтары үшін визасыз кіруге болатын елдер саны 177-ден 176-ға қысқарды. Екінші орында Швеция (175 ел), үшінші орынды Финляндия, Италия, Испания, АҚШ пен Дания (174 ел) ортақтасып иеленіп отыр. 2017 жылы алғашқы ондыққа былтырғы жылы енген 28 ел кірді. Рейтингтегі соңғы орындар Пәкістан, Ирак және Ауғанстанға тиесілі.

"Визалық талаптар әлемдік қоғамдастықтағы елдің мәртебесін көрсетеді. Визалық шектеулердің болмауы бизнесті белсендірек жүргізуге, халықаралық байланыстардан қол үзбеуге, жаһандық инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалануға, саяхат жасауға мүмкіндік береді. Көптеген ел индекстегі жағдайын былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір жақсартты. 199 елдің 108-і әлдеқайда жоғары орындарға жылжыды, 42 мемлекет өз көрсеткішін өзгерпеді және 48 ел орнын жоғалтып алды. Инвестиция арқылы азаматтық алу бағдарламасы іске асырылатын мемлекеттер жақсы нәтиже көрсетуде", – деп түсіндірді компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу