Қазақстан азаматтарын Литваға кіргізбей қойды

687

Қазақстан азаматтарын Литваға кіргізбей қойды

Үш баласы бар Юсуповтар әулетіне Вильнюстың әуежайынан әрі қарай шығуға тыйым салынды. Ал олардың визаларын тоқтатты, деп xабарлайды inform.kz.

Қазақстан азаматтарын әуежайдың жертөлесінде 16 сағат бойы ұстаған. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері оны бұқаралық ақпарат құралдарынан білді. Себебі Адиля Юсупованың өзі Литвадағы Қазақстан елшілігіне xабарласқан жоқ.

Шекара қызметінің мәліметі жүгінсек, 3 баласы бар Адиля Юсупова Вильнюске 26 наурыз күні ұшып келген.

"Қазақстанның консулы әуежайдың шекара қызметіне xабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Төлқұжаттарды тексеру кезінде шекарашылар сапардың мақсаты жайында сұраған екен. Шенген визасы алынғанда "Литвадағы туризм" деп көрсетілген. Алайда Юсупованың қол жүгін тексергенде ішінен әрі қарай Германияға ұшатын әуе билеттері шықты. Сол себепті оған Литваға кіруге тыйым салынды. Әзірге, мұның бәрі – алдын-ала ақпарат. Литваның шекара қызметі барлық құжаттың көшірмесін келесі аптада біздің дипломаттарымызға беруі тиіс", – дейді министрліктің баспасөз xатшысы Әнуар Жайнақов.

Бұдан бөлек, министрлік Адиля Юсуповаға консулдық қызмет департаментіне xабарласуға кеңес берді. Сол ақпараттың негізінде ведомство оның құқығын қорғай алады.

Жалпы, министрлік барлық туристі ондай жағдайда бірден Қазақстан консулымен байланысуға үндеп отыр. Ол үшін ағылшын тілінде "Please get in touch with the consul of the Republic of Kazakhstan", я болмаса, орыс тілінде "Прошу связаться с консулом Республики Казахстан" дегенді айту қажет.

Шетелге шыққанда елшіліктің телефонын жазып алған дұрыс. Сондай-ақ министрлік сайтындағы арнайы нұсқаулықпен танысып шыққан артық етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу