Қазақстан азаматтарына осы аптаның соңына дейін Қытайға жол жабық. Өйткені көрші ел мемлекет боп құрылған күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Мерекелік салтанатты шаралар 8-ші қазанға дейін созылмақ. Сондықтан осы аралықта Қазақстан мен Қытай арасында жолушы мен жүк тасымалына уақытша шектеу қойылмақ. Шекара бекеттері тек 9-шы қазаннан іске кіріседі.
Айта кетсек, Қазақстан мен Қытай арасында 4 өткізу бекеті бар. Шекараның жабылуына байланысты бұл жерлерде жүк тиеген көліктер тұралап қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу