Қазақстан азаматтарына шетелде вакцина салдыруға бола ма?

918

Шетелдің вакцинация паспортын біздің ақпараттық жүйеге тіркеу қажет.  

Қазақстан азаматтарына шетелде вакцина салдыруға бола ма?

Сауалға онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Азаматтардың вакцина алуы өз еркінде және оны қайдан алатынында өзі шешеді. Бұл туралы елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алу науқаны басталған сәтте айтқан болатынбыз. Егер қазақстандық азамат шетелден вакцина алса, оның паспортын көрсетеді. Және ол паспорт біздің ақпараттық жүйеге азамат вакцина алған болып тіркеледі", – дейді спикер.

Бүгінгі күні елімізде 1 млн 200 мың адам ревакцинациядан өтті. Pfizer вакцинасының 2,5 млн астам дозасы бар. Жарамдылық мерізімі – 9 ай.

“Бүгінгі күнге дейін бірінші компонент 564 мыңнан астам адамға, екінші компанент 300 мыңнан астам адамға егілді", - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу