Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіре алмауы неге жиілеген?

114

Соңғы кезде қазақстандықтардың Грузия аумағына кіре алмай кеткені туралы ақпарат тараған болатын. 

Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіре алмауы неге жиілеген?  Фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлібек Қуантыров әр ел шетел азаматтарына қатысты шешімді дербес қабылдайтынын еске салды.

"Біз Грузиямен тығыз байланыстамыз. Біз бұл мәселені белсенді көтере бастағаннан кейін, бірден бас тарту саны күрт азайды. Біз грузиялық тараппен жұмыс істеп жатырмыз", - деді СІМ өкілі Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін Грузия қазақстандықтарды өз аумағына кіргізуден бас тартып жатқанын жазғанбыз. Қазақстан мен Грузияның Сыртқы істер министрліктері арасында қос тараптың тиісті органдар өкілдерінің қатысуымен кезекті консулдық консультациялар өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу