Қазақстан азаматтарының шетел валютасындағы салымдары азайды

965

Қазақстан азаматтарының шетел валютасындағы салымдары азайды

2016 жылдың қорытындылары бойынша екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің долларландыру деңгейі (депозиттердің жалпы көлеміндегі шетел валютасындағы депозиттердің үлесі) 2016 жылғы қаңтардағы ең көп 69,9%-дан төмендей отырып, 54,6%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрылымында төмендеу 62%-дан 49%-ға дейін, жеке тұлғалардікі 80%-дан 62%-ға дейін болды.

2016 жылы теңгедегі депозиттер 66,4%-ға немесе 3,3 трлн. теңгеге ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттер 9,9%-ға немесе 1,1 трлн. теңгеге төмендеді.

Теңгедегі депозиттер көлемінің өсуіне ұлттық валютадағы жинақ ақшаның тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтануы ықпал етті.

Долларсыздану шеңберіндегі барынша тиімді шара халықтың депозиттері бойынша мөлшерлемелердің ең көп деңгейін өзгерту болды. 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап Ұлттық Банк жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша ең көп ұсынылған мөлшерлемені 10%-дан 14%-ға дейін көтерді және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 3%-дан 2%-ға дейін төмендетті. 2016 жылы АҚШ долларына қатысты теңгенің нығаюы 2,0%, еуроға қатысты – 5,1% болды,бұл шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең көп мөлшерлемені шектеуді ескере отырып шетел валютасындағы жинақ ақшаның экономикалық орындылығын төмендетті.

Ұлттық Банктің саясаты одан әрі де ұлттық валютаның тартымдылығын арттыруға және теңгедегі құралдардың барынша жоғары кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу