Қазақстан азаматтығын алу мерзімі қысқартылды

4515

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан азаматтығын алу мерзімі қысқартылды Фото: zakon.kz

"Биыл 1 қаңтардан бастап заң бойынша қандастарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға бір мезгілде құжат тапсыру мүмкіндігі берілді. Бұрын бұл процедуралар бөлек болатын, тұрақты тұру рәсімі 2 айға созылатын. Бір ай ықтиярхат дайындалатын, содан кейін ғана Қазақстан азаматтығына қабылдауға құжат тапсыруға болатын еді. Оны қарау мерзімі 3 айды құрайтын. Қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді. Жыл басынан бері 3 мыңға жуық қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын осындай тәртіппен алды", – деді ресми өкіл. 

Оның сөзінше, қандас куәлігін беруден бастап, азаматтық алуға дейінгі іс-шараларға тартылған барлық мемлекеттік орган қызметінің бірыңғай алгоритмі енгізіліп жатыр. 

"Нәтижесінде азаматтар әр мемлекеттік органға жеке-жеке емес, тек бір рет –Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. Құжат тізімі 2 есе қысқарды. Барлық кезеңнен өту мерзімі 90 күнді құрайды. Материалдарды барлық мемлекеттік органдар қазіргідей кезек бойынша емес, бір мезгілде қарайды", – деді Нұрділдә Ораз. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу