Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады

147

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.  

Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады Фото: caravan.kz

3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылданады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады. Ал тестілеудің өзі 11 ақпан күні өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

  1. Қазақ тілі бойынша тест – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
  3. Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
  • Ең жоғары балл – 100, шекті (өту) балл – 50.
  • Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қосымша 30 минут уақыт беріледі.

Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге. Дайындық деңгейін арттырғысы келетіндер үшін app.testcenter.kz сайтындағы "Сынақ тестілеу" бөлімінде 3 355 теңге тұратын ақылы тестілеу қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу