2023 жылдың 7 айында 14 561 адам Қазақстан азаматтығын алды, оның ішінде 11 142 қандас бар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті.
"2022 жылы 22 114 адам, оның ішінде 17 663 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр Қазақстан азаматтығын алғандардың ішінде көбісін Өзбекстан – 14 353 (оның ішінде 13166-сы этникалық қазақ), Қытай Халық Республикасының – 1 731 (оның ішінде – 1725-і этникалық қазақ), Ресейдің – 1 436 (484-і этникалық қазақ), Түрікменстанның -1 186 (оның ішінде – 1176 этникалық қазақ) және Қырғызстанның – 910 (оның ішінде – 220-ы этникалық қазақ) азаматтары құрайды", - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
2023 жылдың 7 айында 14 561 адам Қазақстан азаматтығын алды.
"Олардың көп бөлігі Өзбекстан – 8 500 (оның ішінде 7301-і этникалық қазақ, Ресей – 2 133 (оның ішінде 845-і этникалық қазақ), Түрікменстан -1 203 (оның ішінде 1185-і этникалық қазақ), Қытай Халық Республиксының – 1 064 (оның ішінде 1 062-сі этникалық қазақ) және Қырғызстан – 718 (оның ішінде 535-і этникалық қазақ) азаматтары болды", - деді министрліктен.