Қазақстан азаматтық альянсының президенті тағайындалды

2357

Қазақстан азаматтық альянсының президенті тағайындалды

"Almaty Management University" президенті, қоғамдық қайраткер Асылбек Қожахметов "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

2018 жылы 5 маусымда Астанада Қазақстан азаматтық альянсының сайлау конференциясы өтті. Оған аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.

Конференция барысында қатысушылар Асылбек Қожахметовты "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің жаңа президенті етіп сайлады.

Қазақстан азаматтық альянсының президенті лауазымына Қожахметов Асылбек Базарбайұлының кандидатурасы "Қазақстанның ақпараттық-ресурстық орталығының ұлттық жүйесі" ассоциациясы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігімен ұсынылды.

Асылбек Қожахметов 1958 жылы 22 мамырда дүниеге келген. Ол қазақстандық қоғам қайраткері, бизнес-білім беру және менеджмент саласындағы сарапшысы, Almaty Management University президенті.

Қазақстанның азаматтық альянсы Қазақстанның 500-ден аса ҮЕҰ біріктіретін ең ірі республикалық үкіметтік ұйым болып табылады. Ұйымның жүйелік құрылымдары еліміздің 16 аймағында, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Азаматтық альянстың қызметі азаматтық ұстанымды дамытуға және қоғам, билік пен бизнес арасындағы тұрақты серіктестікті қалыптастыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу