Қазақстан азаматы электронды темекі мен вейпестер контрабандасы үшін 1 жылға сотталды

623

Тәркіленген өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңгені құрайды.

Қазақстан азаматы электронды темекі мен вейпестер контрабандасы үшін 1 жылға сотталды Фото: aikyn.kz

Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді алып мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады. 

Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық "вейп" табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңгені құрады. 

Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылуға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу