Қазақстан азаматы халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен ұсталды

167

 Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан азаматы халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен ұсталды Фото: Reuters

Қазақстан азаматы халықаралық террористік ұйымның қызметіне қатысы бар деген күдікпен ұсталып, Астанаға жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2025 жылдың 10 тамызында Таяу Шығыс елдерінің бірінде қолға түскен. Оны ҰҚК қызметкерлері Қазақстанға жеткізген.

Қазір ол ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу