Қазақстан азаматы криптовалюта бопсалады деген күдікке ілінді

237

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде айында Алматы қаласында шетелдік әріптестерімен бірлесіп, киберқылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан азаматы криптовалюта бопсалады деген күдікке ілінді Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз қол жеткізіп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан.

Кейін зардап шеккен тараптардан деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

– Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін қолданылған заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, – деп түсіндірді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу