Қазақстан Республикасының азаматы Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы басшысына шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 7 қыркүйек күні 1983 жылғы ҚР азаматы Бақыт Қарабалаев ұсталған. Оған Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Э.Памфиловаға шабуыл жасады деген айып тағылып отыр. Бұлтартпау шарасының аясында отандасымыз 6 қарашаға дейін қамауда болады.
"Қазақстан азаматына қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 162-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соттан кейінгі консулдық кездесуде Қарабалаев ешқандай шағымы жоқ екенін, аудармашыға мұқтаж еместігін айтқан. Ол адвокат қызметімен қамтамасыз етілген", – делінген ҚР СІМ ресми мәліметінде.