Қазақстан азаматы Ресейге қару алып өтпекші болды

799

Қазақстан азаматы Ресейге қару алып өтпекші болды

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан-Ресей шекарасында қару мен оның оқ-дәрісін заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі комитетінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, "Жаңажол авто"  өткізу пунктінің кезекшілері "Тойота" көлігімен Ресейге жол тартқан 32 жастағы Қазақстан азаматын тоқтатты.
"Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтың астынан аңшылық қару мен 12 калибрлі 21 оқ-дәрі табылды", – делінеді хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу