Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқартылды

922

Бұл мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру бойынша пилоттық жоба аясында мүмкін болды.

Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқартылды Фото: sputniknews.kz

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру бойынша пилоттық жоба аясында Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімінде Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқартылды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"Рәсімдеу үшін негіз болған жағдайда (тұрақты тұруға рұқсат, күндізгі оқу, еңбек шарты) паспорт 10 күнтізбелік күн ішінде рәсімделуі мүмкін. Құжаттар тапсырылғаннан кейін азамат елшілік іске қосқан Consularkz_bot Телеграмм-бот арқылы құжаттың дайындығын қадағалай алады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу