Қазақстан Әзербайжан мен Армения қақтығысына пікір білдірді

1201

"Бейбітшілік пен келісімге, ең алдымен, екіжақты форматта тез арада қол жеткізетініне үміт артамыз".  

Қазақстан Әзербайжан мен Армения қақтығысына пікір білдірді

Қазақстан Республикасы адам өліміне әкеліп соққан Әзербайжан-Армения шекарасында болған қарулы қақтығысқа алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

"Достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын даулы мәселелерді шешуде ұстамдылық танытуға және күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға шақырамыз.

COVID-19 пандемиясы мен әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы аясында қақтығыстың одан әрі өршуі күтпеген теріс салдарға әкелуі мүмкін.

Бейбітшілік пен келісімге, ең алдымен, екіжақты форматта тез арада қол жеткізетініне үміт артамыз. Халықаралық ұйымдар шеңберінде, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, АӨСШК алаңдарыда қақтығысты шешудің бейбіт жолдарын іздеуге барынша жәрдемдесуге дайынбыз", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу