Бұл туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның көлік министрліктері деңгейінде транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында жұмыс тобы құрылды. Қазір үш елдің көлік қатынасын интеграциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Үш елдің арасында "бір терезе" қағидатымен жұмыс істейтін теміржол әкімшілігі құрылады. Демек Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арқылы өтетін жүкті бір оператор, бірыңғай төлем арқылы тасымалдауға болады", — деді Мақсат Қалиақпаров.
Оның айтуынша, теміржол әкімшілігі, яғни үш елдің бірлесіп құрған кәсіпорын Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген.
"Елордада орналасқан халықаралық қаржы орталығы үш ел үшін барлық қызметті "бір терезе" қағидатымен ұсынады", – деп толықтырды вице-министр.