Қазақстан "Азия балалары" спорттық ойындарында тағы екі алтын медаль иеленді

999

Сондай-ақ, күміс пен қоладан да құралақан емес.

Қазақстан "Азия балалары" спорттық ойындарында тағы екі алтын медаль иеленді

Оңтүстік Сахалинде "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындары жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына тағы үш медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шорт-тректен Қазақстан ерлер командасы Оңтүстік Корея мен Сібір командасын басып озып, эстафетадан алтын медаль иеленді. Қыздардың еншісінде күміс бар. 

Шаңғымен тұғырдан секіруден бақ сынаған Вероника Шишкина алтын медаль тағынса, биатлоншы Вадим Куралес екінші рет тұғыр биігінен көріп, қола еншіледі. 

Арина Шешукова екінші күміс жүлдесін еншіледі. 

Еске сала кетейік, "Азия балалары" турниріне 16 жастан кіші спортшылар қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу