Қазақстан Азия елдеріне ет, соя мен балық экспортын арттырады. Ет және өзгеде өнімдер Қытай, Иран, БАӘ, Вьетнам, Түркия елдеріне жөнелтіледі. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Алтаев ҚР мәжілісіндегі үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
АШМ-ның мәліметі бойынша, биылғы 10 айда ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 1,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өңделген өнім көлемі 10%-дан асты.
"Азия елдерін алатын болсақ, осы жылы біз басты бағыттарды анықтадық. Бірінші кезекті біздің көршіміз – Қытай, содан кейін Иран, БАӘ, Вьетнам, Түркия. Осы елдермен экспортты арттыру бойынша жұмыс істеудеміз. Соя өнімдері, балық пен сиыр еті бүгінде Қытайға жөнелтілуде. 10 айда Қытайға экспорт 25%-ға артты", -деп атап өтті Нұржан Алтаев.
Ведомство 2018 жылы Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жұмыстарының есебінен ірі қара мал экспортын арттырады деген үмітте.
"Сонымен қатар, қатырылған балық пен күнбағыс майының экспорты екі есе арттырылды. Көкөніс өнімдерінің экспорты да өсті. Иранмен қатырылған қой етін экпорттау бойынша жұмыстарды жүргізудеміз, ағымдағы жылы бірінші рет қатырылған күйі және таза күйінде экспортталды. Келер жылы сиыр етін экспорттауды көздеп отырмыз", - деп мәлімдеді вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәжілістегі үкімет сағатында ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясаты туралы айтып берді.