Қазақстан Азия Пара ойындарында алғашқы жүлделерді иелене бастады

949

Қазақстан Азия Пара ойындарында алғашқы жүлделерді иелене бастады

Джакартада (Индонезия) мүмкіндігі шектеулі спортшылардың қатысуымен Азия Параойындарында өтіп жатыр. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Қазақстандықтар екі қола медаль иеленді. Ерлер арасында паражүзуші Дмитрий Ли 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, 1:07.77 уақыт көрсетті. Оның алдын тек ирандық, Изадьяр Шахин (1:07.12) мен малайзиялық Фрайдден Даван (1:07.66) орап кетті. Ал Алина Солодухина парапауэрлифтингте үшінші орынға қол жеткізді. 45 келінің өкілі 66.00 нәтиже көрсетіп, қытайлық Гуо Линлин (115.00) мен филиппиндік Гуйон Ачеллеге (67.00) жол берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу