Қазақстан Азия және ЕО елдеріне биенің құрғақ сүтін жеткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

749

Қазақстан Азия және ЕО елдеріне  биенің құрғақ сүтін жеткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан  отандық ауыл шаруашылық өнімдерін, оның ішінде Азия және Еуропа елдеріне биенің құрғақ сүтін экспорттау жөнінде келіссөз жүргізуде. Бұл туралы вице-премьер, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің мәлімдемесіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлап отыр.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Израиль, Кувейт елдеріне  қой етін, сондай-ақ Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропалық одақ елдеріне биенің құрғақ сүтін экспорттау мәселесін аталған елдердің ветеринарлық қызметтерімен арада қарастыруда", – деді Абылай Мырзахметов жұма күні Астанада өтіп жатқан Agroinvest Forum-2017 форумында.
Сонымен қатар Араб Әмірліктері және Иран елдерінің компанияларымен арада жасымық жеткізуге келісімге қол қойылды, деп атап өтті ол.
"Сондай-ақ,  күнбағыс дәнін, бидайдың қатты сұрпын, ұн, ноқат, бұршақ, қой етін жеткізу жөнінде Ресей, Израиль, Гонконг  елдері компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, Қазақстан қазірдің өзінде  бидай, майлы дақылдар, өсімдік майын жеткізу жөнінде қытайлық компаниялармен  бірқатар келісімге қол  қойған.
"Қытай нарығына сиыр етін, шошқа етін, сүт өнімдерін, құс шаруашылығы өнімдерін, тірі мал, оның ішінде жылқы экспорттауға жол ашу көзделуде", – деп түйіндеді Абылай Мырзахметов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу