Қазақстан Азияның екі ірі банкінен 168 млрд теңге қарыз алмақ

480

Несиені 15 жыл мерзімге алады. 

Қазақстан Азияның екі ірі банкінен 168 млрд теңге қарыз алмақ Фото: yandex.kz

Қазақстан Азия Даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 105 миллиард йен қарыз алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған сома ел экономикасын тұрақтандырып, қаржы секторын жақсартуға бағытталып отыр. Парламент Мәжілісі тиісті заң жобасын талқылау кезінде Депутат Татьяна Савельева Азия Даму банкі Қазақстан Республикасына 52,3 млрд йен қарыз беретінін, оның өтеу мерзімі – он бес жыл, жеңілдік мерзімі 2027 жылдың бірінші маусымына дейін екенін айтты.

"Қарыз республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге бекітілген мөлшері аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады", – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,7 млрд йен қарыз алуды жоспарлап отыр. Бұл ақша да республикалық бюджет тапшылығын жабуға жұмсалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу