Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша 32 орында

829

Азық-түлік қауіпсіздігінің 11-ғаламдық индексі үшінші жыл қатарынан әлемдегі азық-түлікке қатысты жағдайдың нашарлағанын көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, бұл азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.    

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша 32 орында Фото: elements.envato.com

Economist Impact зерттеу орталығы жүргізген зерттеу барысында 113 елдің азық-түлік қауіпсіздігіне мән берілген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі орталық жасаған зерттеу нәтижесіне сілтеме жасап.

Индекс негізгі 4 мәнге сүйенеді: азық-түлік бағасының тиімділігі, азық-түліктің болуы, сапасы мен қауіпсіздігі және тұрақтылық пен бейімделу көрсеткіштері.

Орталық сарапшыларының дерегінше, әлемдік азық-түлік жүйесі COVID-19 пандемиясынан, геосаяси ахуалдан туындаған шикізат бағасының қымбаттауынан жыл сайын әлсіреп бара жатыр. Зерттеушілердің мәліметі бойынша қазіргі таңда әлем 15 жыл ішінде азық-түлік бағасына қатысты үшінші дағдарысқа тап болып отыр. 2008 жылғы азық-түлік бағасының шарықтай қымбаттауы секілді жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шараларды атқаруда.

"Алайда, климаттың өзгеруі, кедейшіліктің кең етек алуы және қақтығыстар бірлесіп ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігіне зор қауіп төндіріп отыр. Тұрақты азық-түлік жүйесі жөніндегі Халықаралық сарапшылар тобы "егер бұл қауіпті тоқтатындай шаралар қолданылмаса азық-түлік бағасының көтерілуі жаңа нормаға айналуы мүмкін", - деп есептейді.

Азық-түлік қауіпсіздігінің 11-ғаламдық индексінде Қазақстан 32 орынды иеленді. Индекс 72,1 баллды құрады. Дегенмен, азық-түліктің орташа бағасы бойынша Қазақстан 113 елдің ішінде 97 орында, ал азық-түлікке қол жеткізу мүмкіндігі жөнінен 49 орынға төмендеген.

Бұл индексте бірінші орында Финляндия, Ресей 43-орында, Өзекстан - 73, Тәжікстан 75-орынға тұрақтапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу