Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етілген бе?

1127

Құс етінің ішкі тұтынудағы импорты 44,7%-ды құрайды.

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етілген бе? Фото: primeminister.kz

Осыдан 6 жыл бұрын ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қараның саны 35,1% -дан 44,9%-ға өсті. Ал соңғы 5 жылда ел аумағындағы ірі қараның басы 23,3%-ға көбейді.  

Мәжілістегі үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдегендей, былтыр ет өндіру көлемі 5,8%-ға ұлғайып, 1,1 млн тоннаны құрады.

"Ет өндірісінің артуына етті мал шаруашылығының қарқын алуы, оның ішінде ірі қара мал санының өсуі әсер етті. Соңғы 5 жылда ірі қара мал басы 23,3%-ға өсіп, 7,4 млн басты құрады. Ал ұсақ мал саны 6,623,3%-ға өсіп, 19,1 млн, жылқы 45,8%-ға көбейіп, 2,8 млн басқа жетті", – деді министр.

Оның сөзінше, қазір елді етпен қамтамасыз ету үлесі 85%-ды құрап отыр. 
Сиырдың, қойдың, жылқының және шошқаның қызыл еті бойынша импорт үлесі жалпы тұтыну көлемінің 5%-нан аспайды. 

"Өңдеуге тек мұздатылған ет әкелінеді. Құс еті бұған кірмейді. Құс еті бойынша ішкі тұтынудағы импорт үлесі 44,7%-ды құрайды. Атап айтқанда, БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы классификациясы  бойынша тұтыным 80% отандық өндіріс есебінен қамтылған жағдайда ғана азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу