Қазақстан БАӘ-мен тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ

380

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуриді қабылдады. 

Қазақстан БАӘ-мен тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ Фото: Ақорда

Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуримен кездесті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Президент Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Астанадағы кездесуін ықыласпен еске алды. Оның аясында нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды.

Сухейл әл-Мазури Астана халықаралық форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сухейл әл-Мазури жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты жолдарын, соның ішінде екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту бастамасын талқылады. Министрдің айтуынша, Әмірліктер Абу Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған келісімдерді орындауға белсене кірісіп кеткен.

Кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері қарастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу