Қазақстан БАӘ мен Түркияға әуерейстері санын көбейтті

867

Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтау және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады. 

Қазақстан БАӘ мен Түркияға әуерейстері санын көбейтті

Бұл туралы inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

"2021 жылғы 15 ақпандағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша Қазақстан "SCAT" авиакомпаниясына аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етіледі. Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ), Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды жолаушыларын COVID-19 теріс ПТР-тестпен 100% қамтамасыз ету бойынша іске асырылады",– деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған шешімге сәйкес түрік авиатасымалдаушыларға Алматы мен Анталия қалалары арасындағы 2 қосымша рейстер орындауға рұқсат етілген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу