Қазақстан байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында "алтын" алды

772

Осы күндері Таиландта байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.

Қазақстан байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында "алтын" алды

Спортшыларымыз 1 000 метр қашықтыққа қос байдаркамен есуден жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Бағдарламаның бұл түріне ел атынан Александр Емельянов пен Кирилл Тубаев қатысты.

Екінші орын Өзбекстан елінің ескекшілеріне бұйырды. Үздік үштікке сондай-ақ Иран спортшылары кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу