Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігін өзіне қайтарды

3280

Қазақстан Үкіметі 2023 жылғы 3 наурызда "Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігін өзіне қайтарды Фото: livescience.com

"Осы қаулы қосымшасына сәйкес Ресей Федерациясының федералды меншігіндегі мүлік республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын", - делінген құжатта.

Осылайша Қазақстанның жеке меншігі мыналар болып саналады:

  • 1991 жылы шығарылған 11F647M "Экран-М" ғарыш кемесі, оның құрамдас бөліктері мен бөлшектері;
  • 1993 жылы шығарылған құрастыру-қорғау блогы, оның құрамдас бөліктері және қосалқы құралдар мен арматура;
  • 1991 жылы шығарылған объектілерді тестілеу жүйесі;
  • 1986 жылы шығарылған жүйелер - 2 дана.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу