Қазақстан Бакуге 6,9 мың тонна мұнай жөнелтті

548

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ ақпаратында айтылған.    

Қазақстан Бакуге 6,9 мың тонна мұнай жөнелтті Фото: khabar24.kz

20 наурызда бұл компания Баку порты бағытында одан әрі жеткізу үшін экспортқа 6 900 тонна қазақстандық мұнайды тиеп жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жіберілген мұнай - Қашағанның мұнайы. Мұнай жөнелтуші - INPEX North Caspian Sea, Ltd.

"Қазақстандағы INPEX North Caspian Sea, Ltd филиалының директоры Хироши Икеданың айтуынша, сынақ ретінде жіберілген жеткізілім Транскаспий бағытына қарай теміржол тасымалы арқылы Қашаған мұнайына арналған экспорттық маршруттарды әртараптандыру мүмкіндігін көрсетті. Хироши Икеда "ҚазТрансОйл" АҚ ұжымына және процеске қатысқан басқа да ұйымдарға қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес уақтылы орындалған жұмысы үшін алғысын білдірді. INPEX North Caspian Sea, Ltd өкілі сондай-ақ компания Қазақстан Республикасының Үкіметімен және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен бірлесіп резервтік экспорттық маршруттарды дамыту жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Махачкалаға экспорттау үшін 325 мыңнан астам мұнай жөнелткенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу