Қазақстан бақытты елдер рейтингісінде 40-орында

2474

Ең бақытты ел – Финляндия.

Қазақстан бақытты елдер рейтингісінде 40-орында

World Happiness Report әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан 146 елдің ішінен 40-орынға жайғасты. Еліміз соңғы екі жыл ішінде 50-орыннан 10 тармаққа көтерілді. 

Ал Финляндия осымен бес жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел ретінде танылды. Бестікке Дания, Исландия, Швейцария және Нидерланды кірді. Одан кейінгі орындарда – Люксембург, Израиль, Швеция, Жаңа Зеландия және Норвегия елдері.

Ресей 80-орынға дейін түсіп кетті. 2021 жылы ол 60-орынға табан тіреген еді. Тізімнің ең соңында Ауғанстан елі тұр.

World Happiness Report баяндамасын БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдерін іздеу жөніндегі бөлімшесі жыл сайын жасап тұрады. Мамандар әлемнің 146 елін бағалады. Өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, сыбайлас жемқорлық және тағы басқа критерийлер ескеріледі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу