Қазақстан бал державасына айнала ала ма?

1061

Еліміздегі ара шаруашылығынан түсетін табыс күрт төмендеп кетті, деп хабарлайды Аtameken Business.  

 Қазақстан бал державасына айнала ала ма?

Мұндай кері көрсеткіш соңғы екі жылда болмаған.  Сауда және интеграция министрлігі келтірген дерекке мән берсеңіздер, 2020-жылы бал экспорты 28,6 процентке төмендеген.  Бұл 2019-жылмен салыстырғанда үш есе аз. Ол кезде шет елдерге бал және бал өнімдерін шығару 587 мың долларға бағаланған. Ал өткен жылы 389 мың доллар болды. Қазақстандық балды көбіне Біріккен Араб Әмірліктері ($119 мың) алады. Екінші орында Сауд Арабиясы тұр, олар сатып алу көлемін 19% - ға ($112 мың) арттырды. Өзбекстан да біздің елден сатып алатын бал мөлшерін арттырған. (48,5 мың доллар). Өкінішке орай экспортты импорт басып тұр. Қазақстанға өзге елдерден әкелінетін бал мөлшері 47 процентке көбейген, яғни үш есе артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу