2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан балмұздақ өндірісінде ширек ғасырдағы ең жоғары нәтижені тіркеді

Былтыр елімізде аталған өнімнің 63,2 мың тоннасы өндірілген.  

Қазақстан балмұздақ өндірісінде ширек ғасырдағы ең жоғары нәтижені тіркеді Фото: canva

Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

63 мың тоннадан аса көрсеткіш кемінде 2000 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен. Негізгі өндіріс көлемі "Кілегейлі балмұздақ" пен "Пломбир" (екеуі бірге шамамен 80%-ды құрайды) санаттарының үлесіне тиесілі болып отыр. Пломбир жалпы өсімге айтарлықтай үлес қосты. 

Сонымен қатар, 2025 жылы балмұздақ экспорты да жоғары деңгейде болды. Қаңтар-қараша айларындағы соңғы деректерге сай, экспорт көлемі 13,6 мың тоннаны құраған. Бұл бір жыл бұрын тіркелген рекордтан 39%-ға көп.  

Негізгі сатып алушылар – көршілес елдер. Мысалы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Өзбекстан. Осы аталған 11 айда балмұздақ импорты экспорттан төмен болып шықты. Оның көлемі 6%-ға қысқарып, 11,8 мың тоннаға жетіп отыр. Балмұздақтың шамамен 90%-ы Ресей Федерациясы мен Қырғызстаннан келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу