Польшаның Быдгощ қаласында еркін күрестен жастар арасында (U-23) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар Қуат Әміртаев пен Азамат Дәулетбеков күміс медаль иеленді, деп хабарлайды khabar.kz.
Финалдық кездесуде 61 келіге дейінгі салмақта Әміртаев жапониялық Ринье Накамураға жол берсе, ал 86 келіге дейінгі салмақта Дәулетбеков ресейлік Алихан Жабраиловтан айласын асыра алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу