Ал кепілсіз несие алуға ниеттілердің қатары әдеттегідей аздап артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ең қызығы мынада. Банктердің дерегінше, несие нарығында өтінім саны мен оны мақұлдау көрсеткіші арасында да айтарлықтай айырмашылық бар.
Мәселен, ипотека алуға берілген өтінімдер саны 19%-ға өсіп, 271 мыңға жеткен. Орташа өтінім сомасы да 6%-ға артып, 22,7 млн теңгені құрады. Десе де, баспана алуға ниеттілер көбейгенімен, банктердің мақұлдау үлесі 29%-ға дейін төмендеген. Бұл ипотека рәсімдеуге өтініш берген әрбір үш адамның біріне ғана оң жауап берілгенін аңғартса керек-ті.
Кепілмен берілетін тұтынушылық несиеге сұраныс керісінше азайған. III тоқсанда өтінімдер саны 11%-ға қысқарып, 76 мыңды құрады. Дегенмен орташа несие сомасы 18%-ға өсіп, 14,4 млн теңгеге жеткен. Яғни, өтініш берушілер саны азайғанымен, сұралатын қаражат көлемі ұлғайған.
Ал кепілсіз тұтынушылық несие нарығында аздаған өсім байқалады. Мұндай несие алуға берілген өтінімдер саны 3%-ға артып, 16,4 млн-ға жеткен. Орташа өтінім сомасы 1,055 млн теңге болып, 1%-ға төмендеген.
Автонесие нарығында да белсенділік сақталған. Көлік сатып алу үшін берілген өтінімдер саны 10%-ға өсіп, 1,6 миллионды құрады. Орташа сұралатын сома 2%-ға артып, 7,2 млн теңгеге жеткен. Ал банктердің мақұлдау үлесі 18% деңгейінде қалып отыр.
Банктердің болжамынша, 2026 жылдың соңғы тоқсанында ипотека нарығында белсенділік қайта күшеюі ықтимал. Баспана алуға қызығушылықтың айтарлықтай артуы күтіледі. Кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс та сәл өсуі мүмкін.
Ал "кепілмен берілетін тұтынушылық несиеге өтінімдер санының төмендеуі жалғасады" деген болжам бар. Автонесие нарығында әзірге айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.