Қазақстан банктерінде арнайы қызмет пайда болады

756

Олар кибер шабуылдарды зерттеумен айналысады.  

Қазақстан банктерінде арнайы қызмет пайда болады

Мұндай талаптарды Қаржы нарығын реттеу агенттігі белгілеген. Бұрын олар қаржы институттарына қолданылмайтын.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің ақпарына сәйкес, бүгінгі күнге дейін банктерге ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылауы және талдау ғана жүктелген болатын. Бұл ретте оқиғаларды жіктеу, өңдеу және оларды жою қаржылық институттардың көпшілігінде жүргізілгенімен, реттелмеген.

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр банкте осы процестерге жауапты бөлімшелер құрылады, бұл қаржы нарығында киберқылмыскерлерге қарсы іс-қимыл мен өзара іс-қимыл тиімділігін арттырады. Сонымен қатар олардан маңызды ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына қатысты ішкі тергеулер жүргізетін болады", – деп атап өтті ведомство.

Сонымен қатар, егер бұрын банктер тек оқиғаның өзі туралы хабардар еткен болса, келесі жылдан бастап олар агенттікке істі қарау нәтижелері туралы хабарлауы керек.

"Тергеу комиссиясының құрамына қаржы институтының қызметкерлерінен басқа сыртқы сарапшыларды тартуға рұқсат етіледі, бұл процестің толықтығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Тергеу туралы ақпаратты сақтаудың міндетті мерзімі кемінде бес жыл болады. Бұл тәсіл қазақстандықтардың қаржылық деректерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді және киберқылмыстардың санын азайтуға көмектеседі", – деп есептейді агенттік.

Агенттік 2019 жылы қазақстандық қаржы институттарынан кибер оқиғалар туралы 50-ге жуық, 2020 жылы - 134 хабарлама болғанын айтты

"Биыл біз қаржы нарығының субъектілеріне киберқауіпсіздік қаупі туралы 350-ден астам ескерту мен ақпараттық хабарлама дайындап жібердік", - деп қорытындылады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу