Министр бауырлас елдер өз халықтарының игілігі үшін диалог құру арқылы келіспеушіліктерді жеңіп, дағдарысты реттей алатынына сенім білдірді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
ҚР СІМ хабарлағандай, әңгіме барысында тараптар қаңтарда және наурызда президент Н.Назарбаевтың Абу-Дабиге және Дубайға сапарлары, сондай-ақ биылғы жылдың мамырында БАӘ сыртқы саяси ведомствосы басшысының Астанаға сапарының қорытындылары тұрғысында Қазақстан – Әмірліктер ынтымақтастығының ағымдағы жағдайын талқылады.
Әңгімелесушілердің айтуынша, екі мемлекеттің көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдени алмасу саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін мүмкіндіктері кең. БАӘ ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысады және Астана халықаралық қаржы орталығын дамытуда өзара іс-қимыл жасауы маңызды мәнге ие болды.
Сондай-ақ Катарға қатысты жағдай, ислам ішіндегі жақындасу перспективалары, өңірлік дауларды реттеу, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау туралы пікір алмасу өтті.