"Қазақстан Барысы-2019" жеңімпазы анықталды

3184

Турнир чемпионы 25 миллион теңге қанжығалады. Ал оның бапкеріне 3,5 миллион теңге берілді. 

"Қазақстан Барысы-2019" жеңімпазы анықталды

Нұр-Сұлтанда қазақша күрестен "Қазақстан Барысы-2019" турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 33 балуан қатысты.

Финалда Шығыс Қазақстан облысының өкілдері күш сынасты. Нәтижесінде Айбек Нұғымаров Ерасыл Қажыбаевты "таза" жеңіп, жеңімпаз атанды.

Турнир чемпионы 25 миллион теңге қанжығалады. Ал оның бапкеріне 3,5 миллион теңге берілді. Сондай-ақ, Нұғымаровқа алтын белбеу мен "Тайтұяқ" жүлдесі табысталды.

Екінші орын алған спортшыға 5 500000 теңге көлемінде сыйлық берілсе, үшінші орынға – 1 800000 теңге.

Олардан бөлек, балуандарға әр жеңіс үшін 100 мың теңгеден беріліп отырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу