"Қазақстан барысы" турниріне бөлінген қаражаттың жұмсалу заңдылығы тексеріліуде

1291

Турнирге бюджеттен 1,075 млрд теңге бөлінген.

"Қазақстан барысы" турниріне бөлінген қаражаттың жұмсалу заңдылығы тексеріліуде Фото: vesti.kz

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы тексерілуде.

Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген агенттік хабарламасында.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу