Бүгін "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне қатысатын балуандар салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Ал жарыстың өзі ертең Нұр-Сұлтанда "Барыс Арена" мұз сарайында өтеді. Балуандар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесін сарапқа салады.
Тоғызыншы рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 33 үздік балуан қатысады, оның ішінде күштік құрылымдар арасында өткен турнир жеңімпазы да бар.
Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Шығыс Қазақстан облысынан Қажыбаев Ерасыл 151 келі болса, Батыс Қазақстан облысының балуаны Хамзин Ерназар 90 келі тартып, ең жеңіл салмақ көрсетті.