"Қазақстан Барысының" жеңімпазына 25 миллион теңге беріледі

862

Нұр-Сұлтанда 8 маусым күні "Барыс Арена" спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі өтеді.

"Қазақстан Барысының" жеңімпазына 25 миллион теңге беріледі

Бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 35 үздік балуан қатысады, оның ішінде күштік құрылымдар арасында өткен турнир жеңімпаздары да бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Қазақстан Барысы" 8 маусым күні 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімімен басталады. Тартысты белдесулер жеті сағатқа созылады деп жоспарланып отыр. Шара аясында спорттық сайыстармен қатар концерттік бағдарлама мен керемет шоу өтеді деп күтілуде. Ал ресми салмақ өлшеу рәсімі 6 маусым күні сағат 19.00-де өтеді.

"Қазақстан Барысы" турнирінің жеңімпазы атанған балуанға 25 000 000 теңге, алтын белбеу және алтыннан құйылған ауыспалы "тайтұяқ" табысталады. Екінші орын иегеріне 5 500 000 теңге, ал үшінші орын алған палуанға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 000 теңге беріледі. Жеңімпаз, жүлдегер балуандардың жаттықтырушыларына да жүлде үлестіріледі.

Жылдағы дәстүр бойынша жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады. Билеттерді "Меломан" дүкендері желісі мен ticketon.kz, zakazbiletov.kz, kassir.kz сайттарынан сатып алуға болады. Бағалары – 500-5000 теңгенің аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу