Қазақстан Бас прокуроры Гонконгта бірқатар халықаралық келісімге қол қойды

219

Келісімде халықаралық қылмыспен күрес және қылмыскерлерді ұстап беру саласындағы ынтымақтастықты күшейту көзделді.  

Қазақстан Бас прокуроры Гонконгта бірқатар халықаралық келісімге қол қойды Фото: ҚР Бас прокуратурасы Telegram

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Гонконгқа жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар аясында Бас прокурор Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесті. Тараптар құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейту, трансұлттық қылмыспен күрес және іздеудегі тұлғаларды ұстап беру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл бағытындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша үш мемлекетаралық келісімге қол қойылды: жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және сотталған адамдарды беру туралы құжаттар.

Тараптар жедел ақпарат алмасу мен заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдана отырып қылмыстарды тергеу тәжірибесін дамытуға уағдаласты.

Қазақстан Бас прокуратурасы бұған дейін Макао және Сингапурмен де осындай халықаралық келісімдер жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу