Қазақстан басқа елдердің тапсырысы бойынша бағалы металдардан монеталар дайындайды

1220

Қазақстан басқа елдердің тапсырысы бойынша бағалы металдардан монеталар дайындайды

Әлемде 69 монета сарайы бар. ТМД елдерінде Қазақстан, Ресей, Украинада ғана монета сарайы жұмыс істеп тұр. Өскемен қаласында жергілікті БАҚ үшін өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев осындай деректерді мәлім етті.  Бұл туралы  Baq.kz хабарлайды.

Д.Ақышев еліміздегі теңге сарайы монеталарды дайындаудың толық өндірістік циклы қосылған жоғары технологиялық жабдығы бар кәсіпорын екенін атап өтті.

"Металл өңдеу және заманауи монеталар мен қорғалған өнімді өндіру саласында бірегей біліктілігі бар қызметкерлер қалыптасқан. Бұдан басқа, ұжымның бірлігі, кәсіби дәстүрлердің сабақтастығы сақталып отыр және кейінгі қызметкерлерге баға жетпес тәжірибені беру мақсатында кадрлар дайындау жүйесі ретке келтірілген", – деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Оның айтуы бойынша, өнімнің сапасы мен қызметкерлердің біліктілігі Қазақстан теңге сарайын жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорын ретінде тануға мүмкіндік береді.

"Экспорттық қызметтер Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь сияқты елдерге көрсетіледі. Сондай-ақ, Германия мен Польша компанияларының тапсырыстары бойынша бағалы металдардан ұлттық монеталары дайындалады", – деп хабарлады Д. Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу