Қазақстан құрылыс жұмыстары бойынша ЕАЭО елдері арасында артта қалды, деп хабарлайды Atameken TV.
Деректерге сүйенсек, 5 айда саладағы өсім 0,3 пайызды ғана құраған.
Ал баспана тұрғызудан көш басын 58 пайызбен Армения бастап тұр. Кейінгі орында 5,2 пайызбен Беларусь тұрса, үздіктер қатарына 2 пайызбен Қырғызстан енген. Ал Ресейде бір жылда құрылыс жұмыстары керісінше 0,9 пайызға төмендеген.
Бұдан бөлек, қолданысқа берілген пәтерлердің 43,5 пайызы Арменияға тиесілі. Жалпы көлемнің 15,4 пайызы Қырғызстан еншісінде болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,7 пайызды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу