Қазақстан басты инвестициялық орта ретінде өзін танытты – Тан Си Ленг

622

Елордада Қазақстан-Сингапур бизнес форумы өтіп жатыр.

Қазақстан басты инвестициялық орта ретінде өзін танытты – Тан Си Ленг Фото: gov.kz

Қазақстан басты инвестициялық орта ретінде өзін танытты. Бұл туралы Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрі доктор Тан Си Ленг айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Сингапурдың арасында екіжақты жылы қарым-қатынас орнаған. Сингапур Президенті Халима Якубтың мемлекеттік сапары екі елдің арасындағы қарым-қатынастың маңызды екенін көрсетеді, деді Тан Си Ленг.

Ол екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

"Осы жылдары әртүрлі саладағы қарым-қатынасымызды арттыратын келісімшарттарға қол қойдық. (...) Қазақстанның экономикалық трансформациясы бүкіл әлемді таңғалдырды. Соның барлығы 30 жылда жасалды. Соңғы жылдары табысты нарықтық реформалар, ашықтыққа деген талпыныс, Қазақстанда ашық бизнес ортаны қалыптастыруға, шетелден келетін компанияларға жағдай жасауға мүмкіндік беріледі. Сол арқылы Қазақстан басты инвестициялық орта ретінде өзін танытты. Қазақстанға стратегиялық орналасуы жағынан жолы болды. Бұл ел Азия мен Еуропаны байланыстырады", - деді Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрі.

Біздің сауда-саттық, инвестициялық қарым-қатынасымызға үлкен мүмкіндіктер бар, деп атап өтті спикер.

Айта кету керек, Қазақстан-Сингапур бизнес форумына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу