Қазақстан батат өсіру үшін Азиялық банктен қаржы алады

879

Қазақстан батат өсіру үшін Азиялық банктен қаржы алады

Енді Қазақстанда батат, яғни тәтті картоп өсіріледі. Бұл туралы Сеулде өткен өсімдік мәдениетіне арналған конференцияда айтылды, деп хабарлайды 24.kz. 
Корейлік биоғылым және биотехнологияны зерттеу институтының профессоры Квак Санг Судың айтуынша, бататты өсіру сынағы 2014 жылы еліміздің үш облысында басталған. Нәтижесінде Қазақстанда Оңтүстік Кореяға қарағанда екі есе көп өнім жиналыпты. 
Тәтті картоп қан қысымын бір қалыпта ұстауға, қант диабетінен арылуға және арықтауға көмектеседі. 
"Бүгінге дейінгі зерттеу жұмыстары корейліктердің қаржысымен жүргізілді. Бірақ менің білуімше, Қазақстанның ұлттық биотехнология орталығы Азиялық банктен батат өсіру үшін қаржы алады. Біз Алматыдағы биология институтымен тығыз әріптестік қарым-қатынастамыз. Бір агрокомпания осы институтпен бірігіп, тәтті картопты үлкен аумаққа өсіруді жоспарлап отыр. Таңғы шық елінде ауыл шаруашылығына қажетті жерлер аз. Ал Қазақстанның таулы жері бататты өсіруге өте қолайлы, – дейді профессор Квак.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу