Қазақстан батып кеткен кемелерді жою жөніндегі конвенцияға қосылуға ниетті

605

Қазақстан батып кеткен кемелерді жою жөніндегі конвенцияға қосылуға ниетті

ҚР ИДМ көлік комитеті батып кеткен кемелерді жою жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылу жұмыстарын атқарып жатыр, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Бұл шаралар Каспий теңізінің қазақстандық секторында батып кеткен шетел кемелерін шығару мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта осындай екі кеме бар.

ҚР үшін бұл Конвенция Каспийде, соның ішінде ерекше экономикалық аймақта батып кеткен кемелерді жою жөніндегі мәселелерді басқа елдермен реттеуге негіз болады. 

Қазіргі уақытта ҚР Заңнама институты ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу