Қазақстан бауырлас елдердің жастарына 50 грант бөлуге дайын

1133

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде осылай мәлімдеді.  

  Қазақстан бауырлас елдердің жастарына 50 грант бөлуге дайын

Басқосу барысында Президент Ұлы түркілер білім беру қорын құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Білім беру саласындағы ынтымақтастық - болашақтағы табысты серіктестіктің негізгі факторы. Осы ретте ортақ мәдени-ағартушылық кеңістік қалыптастырған жөн. Сол арқылы жастардың заман талабына бейімделуіне жол ашылады. Оны Ұлы түркілер білім беру қорын құру арқылы жүзеге асыруға болар еді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қор жоғары оқу орындары арасында академиялық ұтқырлық, тағлымдамадан өту, біліктілікті арттыру сынды жұмыстарды үйлестіреді.

"Біз бауырлас елдердің жастарына Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға 50 грант бөлуге дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу